Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында жүргізілген кедендік тексерулердің 81%-ында түрлі заңбұзушылықтар тіркелді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, аталған кезеңде 830 кедендік тексеру жүргізіліп, олардың нәтижесінде 31 млрд теңге көлемінде қосымша төлем есептелген. Оның 24 млрд теңгесі өндіріп алынған.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қосымша есептеу көлемі 172%-ға, ал өндіріп алу көрсеткіші 266%-ға артқан.
МКК бұзушылықтардың ең жиі кездесетін түрлерін атады:
- кедендік құнды дұрыс анықтамау – 40%;
- тауарларды СЭҚ ТН бойынша дұрыс жіктемеу – 20%;
- шектеулері бар тауарлар бойынша талаптарды бұзу – 11%;
- кедендік рәсімдер мен уақытша әкелу шарттарын сақтамау – 9%.
Сонымен қатар, кедендік декларацияда жалған немесе толық емес ақпарат көрсету ҚР ӘҚБтК-нің 551-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкелетіні еске салынды.
Ал төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар сомасы 10 000 АЕК-тен асып кеткен жағдайда, ҚР ҚК-нің 236-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
