Жұма, 03 қаңтар, 07:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№103 — 2113
31.12.2024
PDF мұрағаты

Кейбір заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

30.12.2024

221 0

2024 жылғы 5 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданғанын хабарлайды. Заң 2025 жылдың 7 қаңтарында күшіне енеді. Қабылданған түзетулермен «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңға (одан әрі – Заң) өзгерістер енгізілді: – шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеудің хабарламалық тәртібінің күшін жою; – шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу кезінде бас тартуларды тарату; -заңды тұлға құру немесе шетелдіктің заңды тұлғасына қатысушылар құрамына кіру кезінде резидент бизнестердің бизнес-виза мен бизнес-иммигрант ретінде уақытша тұруға рұқсат беруін көздейді. Заңның 6-бабына, шетелдік қатысатын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу үшін қосымша: нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшы паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжаттың, сондай-ақ «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылуға тиіс. Заңның 6-1 бабына, шетелдік қатысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін қосымша: нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшы паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжаттың, сондай-ақ «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылуға тиіс. Заңның 9 бабына, Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу (қайта тіркеу), заңды тұлғалардың, филиалдардың (өкілдіктердің) құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу және құжаттарды беру мерзімдері «бір жұмыс күні» болып өзгерді. Заңның 11 бабына 8 тармақша қосылды, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады, атап айтқанда нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшы паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжаттың, сондай-ақ «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжаттың көшірмесін; құрылтайшы шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесінің немесе басқа да заңдастырылған құжаттың көшірмелерін ұсынбау. Заңның 14 баптың үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер қатысушылар құрамына шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға кірсе, онда осы Заңның 6-бабының сегізінші бөлігінде көзделген құжаттар қосымша ұсынылады.

Е. Тажикенов

Қызылорда облысының Әділет департаментінің бөлім басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: