Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 15 сəуір жəне 15 мамыр аралығында «Киік» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
30 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 32 дерегі тіркелді. Оның ішінде, 7 қылмыстық және 25 әкімшілік құқық бұзушылықтар.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 382-бабымен (жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) барлығы 25 құқық бұзушылық анықталды.
Сурет: Qazaqtimes
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!