Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 20:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Кірістер департаментінің қызметкерлері темір тордың ішкі тынысымен танысты

26.09.2024

309 0

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы экскурсия өтті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында экскурсия өтті. Бұл жиынға Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері келіп, темір торды өз көздерімен көрді. Басты мақсат – мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, бас бостандығынан айыру мекемелерінде болудың ауыртпалығын сезіну, сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылық салдарымен таныстыру үшін оларды қамауда отырған жандардың өмірімен таныстыру.

         Бұл экскурсияның мемлекеттік қызметкерлер үшін тәрбиелік мағынасы зор. Себебі мекеменің Режим және Күзет бөлімінің бастығы әділет майоры Төребеков Асылбек экскурсияға келушілерді тергеу мекемесінің арнайы контигенттер ұсталатын аймағындағы шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар жататын жатақхананы, камераларды және тәртіптік изоляторды аралатып, жазасын өтеушілердің режимдік аймақта ұсталу жағдайымен таныстырып шықты.   Алдымен, кезекші бөлімге бастап апарып, тергеу мекемесінің негізгі қызметтік міндеті, мекеме ішінде жүріп тұру жағдайы жайлы түсіндірдірме жұмыстары жүргізілді. Тергеу мекемесінің негізгі міндеті күдіктілер мен айыпталушылар және тергеудегілер мен бес жылға дейінгі сотталғандарды ұстау және олардың режимдік тәтібін қадағалау мен сотталған азаматтардың жаза мерзімін өтеу барысында өмірге қайта тәрбиелеу болып табылады. Яғни, мұнда, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейінгі айыпталушылар мен күдіктілер және шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар отырады. Толтыру лимитінің жалпы саны-430, қазіргі таңда қамауда 250 – ге жуық контигент бар.

         Соның ішінде, Сыбайлас жемқорлық қылмысының ҚР ҚК-нің 366, 367 – баптары бойынша қамауда ұсталынып отырғандар да бар. Олар өздеріңіз секілді мемлекеттік қызметте болған азаматтар. Бұл азаматтар жазалау орындарына алғаш түсіп отырғандықтан өзге қылмыскерлерден оқшауланып, бөлек камераларда ұсталады. Бірақ, тәртіп пен талап бәріне бірдей қатаң екенін жеткізді РжКБ-нің бастығы әділет майоры А.Төребеков.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: