Жұма, 02 мамыр, 03:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31,2144
29.04.2025
PDF мұрағаты

Кітап – жан азығы, өмір қазығы

24.04.2025

150 0

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Қызылорда облыстық Ә.Тәжібаев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында «Үздіктер салтанаты» атты тағылымды іс-шара өтті. Мәдени шараға Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі кәмелетке толмаған жасөспірімдер қатысты.

Шара аясында ұйымдастырылған «Кітап – жан азығы, өмір қазығы» атты кітап көрмесін тамашалап, көркем әдебиеттен бастап, тарихи, мотивациялық, ғылыми-танымдық еңбектерге дейін танысты.

-Кітап – тек ақпарат көзі ғана емес, ол – тәрбие құралы, ой серігі, тұлға қалыптастырушы күш. Жеке өзім де кітапхананың тұрақты оқырмандарымын. Қажетті кітаптарды алып, бос уақытымды кітап оқуға арнаймын. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз,- деді есептегі азамат.

Мұндай шаралар – жастарды кітап оқуға баулып, саналы азамат болып қалыптасуына үлкен үлес қосады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: