Қаңтар айының 28-нен 29-на қараған түні Қызылорда көктайғақ салдарынан қала аумағында 23 жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апатынан жарақат алғандар жоқ.
Автокөлік жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының Әкімшлік Құқық Бұзушылық кодексінің 610-бабының (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша әкімшілк хаттама толтырылды.
Жол бойында арнайы 19 автокөлік жұмылдырылып, құм-тұз себу жұмыстары жүргізілді. Қала тұрғындарынан жолда абай болуын және жүргізушілерден көлік жылдамдығын үдетпеуін сұраймыз. Жылдамдық режимін сақтау, сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты, яғни дистанция сақтау және қысқы дөңгелектермен жабдықталу маңызды, бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алуға бірден-бір себепші болады», – деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз басқармасы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!