Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жасөспірім көлік айдап, үш адамды қағып кетті. Апат салдарынан сәби көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 2 тамыз күні кешкі сағат 21:30 шамасында Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында болған.
«Әйтеке би көшесімен келе жатқан «ВАЗ-21140» көлігінің 17 жастағы жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі баланы қағып кетті.
Оқиға салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Тағы екі жаяу жүргінші Ақтөбе ауруханасына жатқызылды», – деп хабарлады полициядағылар.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!