Облыс көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың қаңтар айының 20-22 күндері аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы395 дерегі анықталды.
Оның ішінде, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың 28 дерегі, Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бұзудың 3 дерегі, заңсыз қайта жабдықтау – 28 дерегі, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеген – 18 жүргізуші, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген –66, ұялы телефон пайдаланған 68 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, белгіленген жылдамдықты асырған 9 жүргізуші, маневр жасау ережесін бұзған –72, қарсы бағытқа шыққан –2 жүргізуші, ҚР-ның міндетті сақтандыру заңнамасын бұзған 6 жүргізуші, көлік құралын масаң күйде басқарған –3 жүргізуші анықталып, хаттамалар толтырылды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!