Сәрсенбі, 12 қараша, 13:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Көлік салығын төлемеген жүргізуші темір тұлпарынан айырылды

12.11.2025

35 0

Фото: Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтауда көлік салығын төлемеген борышкерлерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасып жатыр. Тексеру барысында бір тұрғынның автокөлігі заңнамаға сәйкес айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, рейд қалалық әкімдіктің бастамасымен полиция басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы және жеке сот орындаушыларының қатысуымен ұйымдастырылған.

Шараның мақсаты – көлік салығы мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар азаматтарды анықтау және салықтардың толық төленуін қамтамасыз ету, – деді Маңғыстау облысы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының іздестіру тобының инспекторы Өмірбек Мұхамбетқалиев.

2025 жылғы 30 қазанындағы жағдай бойынша Ақтауда 9 336 автокөлік иесінің жалпы берешегі 686 миллион теңгеден асқан. Осыған байланысты көлік салығын төлемеген борышкерлерге қатысты рейдтер жалғасуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: