Жексенбі, 24 қараша, 16:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Көлік салығын төлеу мерзімі ұзартылды

02.01.2021

1033 0

Салық жүйесіне енгізілген өзгерістерге сай енді көпқабатты үйде тұратындар жер салығын төлемейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал көлік салығы әр жылдың 31 желтоқсанына дейін емес, келесі жылдың 1 сәуіріне дейін төлену керек. Бұл норма жергілікті биліктің қаржыны игеруіне де жүргізушілердің өсімпұлға ұрынбауына да септеседі.

Қазақстандық автомобиль жүргізушілері қазына деген қара қазанға аттай 14 миллиард теңге қарыз. Бұл берешек бүйірден қыспағанымен, жеме-жемге келгенде едәуір кедергі келтіруі мүмкін. Мысалы шұғыл шетелге шығу керек болса, алдымен қарызды өтетеді. Елордалық Бауыржан Қашаев жаңа норманың енгізілуі қаржылық тұрғыдан да ыңғайлы деп есептейді. қала тұрғыны: –

«Барлығы уақытында желтоқсанның 31-не дейін төлейміз. Сәуірдің біріне дейін төлеу әрине ыңғайлы. Өткен жылы ел көлемінде жеке тұлғалар есебінен көлік салығы арқылы қазынаға 63 млрд теңге түскен. Биылғы түсім – 38 миллиард. Қалған қаржы сәуірдің біріне дейін түседі деген жоспар бар. Жаңа нормаға сай есептік кезеңнің І тоқсанына дейін қаржы төлеу жергілікті билікке де ыңғайлы көрінеді. Яғни ауылдың округ әкімдері көлік салығынан түскен ақшаны сол жылы игере алатындай жағдай жасауды сұраған. Төлем құрылымы осы мақсатта өзгертілген», – дейді қала тұрғыны Бауыржан Қашаев.  

«Енді жаңа норма бойынша салықтың қаржысы толықтай жергілікті бюджетте игеріліп, басқа әлеуметтік жобаға пайдалануға мүмкіндік бар. Сондай-ақ жеке тұлғалардың салықты қате есептеп не мерзіміне, не көлігін сатқандағы түрлі өзгерістерде осы салықтың өзгертілуі қолайлы болады», – дейді мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы міндетін атқарушы Айнұр Сартаева.

Жаңа нормаға сай енді жер және мүлік салығы біріктірілді. Сондай-ақ көп қабатты үй тұрғындары енді жер салығын төлемейді. Оның көлемі елеусіз болғанымен, мамандар тұрғындарға едәуір кедергі келтіретін дейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: