Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Көлік ұтып алдыңыз!»: қызылордалық тұрғын алаяққа алданды

14.03.2023

777 0

Сурет: rsaru.ru

Қызылорда қаласының тұрғыны алаяқтың құрбаны болды.  «Көлік ұтып алдыңыз!» деген қоңырауға алданған. 

         32 жастағы  азаматшаға белгісіз тұлғалар  қоңырау соғып, автокөлік ұтып алғандығын айтқан. Солайша, азаматшаның ұялы телефонына жүктеме жолдаған. Жүктеме арқылы өткен сәтте азаматшаның  банк есеп –  шотынан  315  мың теңге көлемінде ақшасы алынған.  Алаяққа  алданғандығын түсінген азаматша полицияға арызданған.  

          Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел – іздестіру шараларының нәтижесінде қызылордалық азаматшаны алдап арбаған алаяқ ұсталды.  22 жастағы  Астана  қаласының тұрғынына қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез – құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. 

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша ҚР ҚК 190- бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде. 

Бұл ретте полиция қызметкерлері алаяқтардан сақ болуға шақырады. Қандай – да бір белгісіз сілтемелерге өтпеуді, қосымшаларды орнатпауды, дербес деректерді жарияламауды сұрайды.  

Қызылорда қалалық ПБ  баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: