Қызылорда тұрғыны алаяқтың құрбаны болды. Оған белгісіз ер адамнан көлік ұтып алғаны туралы қоңырау түскен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
32 жастағы әйел көлік жеңіп алғанына сенген. Ол алаяқ жіберген сілтемеге кіріпті. Жәбірленуші телефондағы сілтемені басқаннан кейін банк картасынан 315 мың теңге алынған. Алданған адам полицияға жүгінді.
Полиция күдіктіні жедел тауып, ұстады. Ол 22 жастағы астаналық болып шықты. ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлім бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!