Сейсенбі, 24 желтоқсан, 21:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Көлік жылқыны қағып, жолаушы мерт болды

22.03.2021

1522 0

Алматы-Өскемен тас жолында көлік апатқа ұшырап, 28 жастағы әйел адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

«Жол апаты 19 наурыз күні түнгі сағат 21:00 шамасында болған. Болжам бойынша «Toyota Camry» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі солтүстікке қарай жүріп бара жатып, жылқыны қағып кеткен. Салдарынан оқиға орнында 28 жастағы жолаушы мерт болды. Көлік жүргізушісі Сарыөзек ауылының ауруханасына түсті. Аталған жол апаты бойынша ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігіне сәйкес сот-алды тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, оқиға Алматы-Өскемен тас жолының 149-шы шақырымында болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: