Жұма, 27 желтоқсан, 00:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Көліксіз қалуы мүмкін: Қазақстанда заңсыз такси қызметін көрсеткендер қатаң жазаланады

05.04.2022

1565 0

Елімізде такси қызметін заңсыз көрсеткен жүргізушілер қатаң жазаланбақ. Тіпті жолаушы тасымалдауға рұқсаты жоқ азаматтардың көлігін айып тұрағына қою мәселесі де қарастырылып жатыр. Заң жобасы қазір қоғам талқылауына шығарылды. Егер көпшілік мақұлдаса, биыл күшіне енеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Заңсыз такси қызметін көрсеткендерді әкімшілік жазаға тарту туралы заң жобасы өткен жылдың тамыз айында ұсынылған еді. Алайда кейін толықтыруға жіберілді. Енді жаңа нұсқасы «Ашық үкімет» порталына шығарылыпты. Бұл жолғы ұсыныста әкімшілік жаза қатаңдатылған.

«Бұл заң жобасы, егер заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан адам анықталған жағдайда оның көлігін тәркілеп, айып тұрағына апару үшін дайындалған. Яғни құқық қорғау органдары заңсыз такси қызметін көрсету бойынша мәселені шешкенше машина айып тұрағында тұруы тиіс», – дейді ҚР Әділет министрлігі заңнама департаменті әкімшілік заңнама басқармасының басшысы Салтанат Серікбаева. 

Жаңа заң жобасына сәйкес заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан жеке тұлғаға 15 айлық есептік көрсеткіш (49 945 теңге), шенеуніктерге 25 (76 575 теңге), ал заңды тұлғаларға 25-тен 150 айлық есептік көрсеткіш (76 575 – 459 450 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Егер жүргізуші 12 айдың ішінде заң бұзушылықты қайталаса бұл сома екі еселенеді. Тіпті ережені елемегендердің көлігін айып тұрағына қою да көзделіпті. Мұндай әкімшілік жаза түріне келгенде жүргізушілердің пікірі екіге бөлінді.

«Бұл дұрыс емес қой. Тіпті қымбат көліктер де жол шетіне шығып, такси тоқтатқандарды алып кетеді», – деді алматылық көлік жүргізушілерінің бірі. 

«Айыппұл салынғаны дұрыс. Себебі қаланың көп жерлерінде кептеліс таксилердің кесірінен болады»,  – деді тағы бір көлік жүргізушісі. 

Жолаушы тасымалымен заңсыз айналысқандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту заң жобасы «Ашық үкімет» порталында 19-шы сәуірге дейін қоғам талқылауында болады. Содан кейін үкіметке жолданып, мәжілісте қаралады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: