Сейсенбі, 26 қараша, 02:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Көліктен 137 мың теңге ақша ұрлаған

04.02.2021

1178 0

Қызылордалық полицейлер бір тәулікте көлік жуу тұрағында ұрлық жасаған күдікті азаматшаны құрықтады.

Қаңтар айының 24 –ші жұлдызында 41 жастағы қала тұрғыны ҚПБ-на арызданды. Арызданушының айтуы бойынша, ол кешкілік уақытта қаладағы автокөлік жуу орталықтарының бірінде «Lexus 570» маркалы көлігін тастап кеткен. Белгілі болғандай, көліктегі зат салғыштың ішінде тұрған әмиянынан 137 000 теңге қаражаттын қолды еткен. Жалпы әминының ішінде 217 000 мың теңге көлемінде қаражаты болған. Жәбірленуші ақшасының көп бөлігінің жоқтығын байқап, дереу Полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарласқан.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде «ізін суытпай» күдікті облыс орталығының 1989 жылы туған азаматшасы ұсталды.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта, ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: