Жұма, 29 қараша, 20:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Көліктік бақылау инспекциясының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды

20.10.2021

523 0

Департаментпен ағымдағы жылдың 14 қазанынан бастап көліктік бақылау инспекциясының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды.

Агенттіктің тапсырмасына сәйкес Агенттіктің аумақтық департаменттері қоғам өкілдерімен бірлесіп Инспекциядағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізетін болады.

Осыған орай, бүгін превенция басқармасының басшысы Н.Оспанов және басқарманың басқа да қызметкерлері инспекция қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуі аясында қызметкерлер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бұйрықпен, сондай-ақ сыртқы талдау жүргізудің негізгі қағидаларымен таныстырылды.

Талданып отырған саланың өзектілігі мен маңыздылығын ескере отырып, облыстың барлық тұрғындарын, атап айтқанда жүк көлігі жүргізушілерін шетте қалмауға және өз ұсыныстарын/шағымдарын енгізуге шақырамыз.

Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын алу үшін электрондық пошта әрекет етеді apvo.kzo@mail.ru. +7 707 205 0059 WhatsApp нөміріне жолдай аласыздар.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі № 156 А мекен жайында орналасқан «Antikor Ortalygy» сервистік орталығына жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: