Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 20:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Көшеде жалғыз өзі еңбектеп жүрген сәби табылды

03.06.2024

626 0

Сурет: massaget.kz

Түркістан облысында жоғалған 10 айлық сәби табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Таңғы сағат 9:00 шамасында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласқан. Ер адам көше бойында 1 жасқа толмаған сәби бір өзі еңбектеп жүргенін хабарлады.

Оқиға орнына бірден жеткен полицейлер бірінші кезекте кішкентай баланың жағдайын біліп, одан әрі сәбидің туыстарын іздеуге кіріскен.

«Тәртіп сақшылары аудан көшелерін тексеріп, көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде полицейлер бір сағат ішінде кішкентай бөбектің тұрғылықты мекенжайы мен анасын анықтады. Анасы үй шаруасымен жүргенде, 10 айлық бүлдіршін ашық тұрған есіктен еңбектеп шығып, үйінен ұзап кеткені анықталды», – деп жазылған хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: