Қызылорда облысының Білім басқармасы мен Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Қызылорда қаласы Полиция басқармасының ювеналды полицейлері бірлесіп, Қызылорда қаласындағы колледждердің студенттерімен профилактикалық кездесулер өткізуде.
Қылмыстық іс-әрекеттерден аулақ болуға шақыру мақсатында іс-шара барысында жастарды есірткі құралдары, психотроптық заттарды қолдану мен баулуға, құмар ойындарға тарту себептері мен салдары қаралды, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік мәселелеріне, сондай-ақ Интернет желісінде қауіпсіз «жүріс-тұрыс» тәсілдеріне назар аударылды. Орын алған құқық бұзушылықтардың салдары туралы мысалдар келтірілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!