Жұма, 27 желтоқсан, 20:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Коллектор мазаласа не істеу керек?

08.06.2021

1528 0

Қазір қарап отырсаңыз, үлкеннің де кішінің де басы несиеге байлаулы. Былтырдан бастап, эпидемиологиялық ахуалға байланысты елде бірқатар шектеулер болды. Көптеген адам жұмыссыздық салдарынан табыс көзінен айырылып, қаржылық дағдарыс бізді де айналып өтпеді. Соның салдарынан халықтың несиені ай сайын төлеуіне мүмкіндігі болмай отырғаны жасырын емес.

Соңғы кезде ел арасында коллектордың дөрекі сөзі мен іс-әрекетін сөз ететіндер көбейді. Осы орайда оқырмандар тарапынан коллектор мазалай берсе, не істеу керек?» деген сұрақ көп қойылады. Бұл сұраққа «Ұлы Дала Заңы» халыққа құқықтық қызмет көрсету орталығының директоры, заңгер Нұрсұлтан Байменов жауап берді.

– Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер өзара үш жақты мемерандумға отырады. Несие алушының есепшотын, айлық табысын банкке өткізген жағдайда уақытылы төлемесе, әр ай сайын айлығының 50 процентін төлеуге келіседі. Екінші деңгейлі банктер тарапынан несие алушы заңды тұлға қарыз шарты бойынша – 90 күн, ал жеке тұлға – 180 күннен астам уақыт төлемеген жағдай да талап етіледі. Содан соң сотқа дейінгі әрекеттер жүзеге асып, борышкерге ескертпе хат жібереді. Несие алушы келісімшарт кезінде үш адамның байланыс телефонын береді. Сол арқылы банк қызметкерінің оларға несие алушыны сұрап, хабарласуға құқығы бар. Ал коллекторға өткен жағдайда, аталған агенттік пен несие беруші арасындағы шартты тексеру керек. Олар тек ҚР Заңына сәйкес борышкермен тек берешекті өндіріп алу шартының негізінде ғана жұмыс істеуге құқылы.

Заңгердің айтуынша, заңда көрсетілгендей коллектор әрбір адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуға, олардың мүдделеріне мүліктік залал келтіретін мәлеметті жариялау болмайды. Сонымен бірге өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, мүліктік және өзге де зиян келтіретін заңсыз әрекеттер жасауға тиым салынған. Айта кету керек, мүлкіне қол салып, бопсалап, қысым көрсету арқылы шарт бойынша міндеттемелерін орындауға да мәжбүрлей алмайды. Сондай-ақ заңнамаға сәйкес қарыз алушы мен оның туыстары коллектормен өрбіген әңгімені диктофонға жазып алуға, кездесуді бейнежазбаға түсіруге құқылы екенін де атап өтті.

Егер коллектор шектен шығып, құқық бұзған жағдайда қайда жүгінуге болады? Аталған агент заңға қарсы іс-әрекет жасаса, кез келген азамат агенттікке жазбаша өтініш жаза алады. Ал несие алушының жеке басына тиісіп, құқығын таптаса, құқық қорғау органдарына жүгінуге құқылы. Себебі тергеу іс-шарасын жүргізу аумақтық полиция органының құзыретіне жатады. Айта кететін жайт, коллектор борышкердің жақындарына хабарласып, оларды мазалауға құқы жоқ.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: