Жұма, 28 қараша, 17:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Конституция және сот төрелігі

28.11.2025

38 0

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізі болып табылады және онда сот билігінің мәні, құрылымы мен қызмет ету қағидаттары айқын көрсетілген. Конституцияның «Соттар мен сот төрелігі» атты бөліміне сәйкес, Қазақстанда сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Бұл қағида сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін басты конституциялық норма болып саналады. Сот жүйесіне қандай да бір өзге органның немесе тұлғаның араласуына жол берілмейді, ал судьялар өз қызметінде тек Конституция мен заңдар талаптарын басшылыққа алады.

Конституция сот билігінің басты қағидаттарын да нақты бекітеді. Оларға заңдылық, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, сотта істің ашық қаралуы, тараптардың теңдігі мен жарыспалылық, судьялардың тәуелсіздігі жатады. Осы қағидаттар Қазақстанның сот жүйесін халықаралық талаптарға сәйкес етеді және әділ сот төрелігін жүзеге асыруға бағытталған.

Судьялардың мәртебесі де Конституцияда ерекше орынға ие. Олар мемлекет атынан шешім шығарады және ешкімнің ықпалына тәуелді емес. Судьялар қызметінің тұрақтылығы, олардың қауіпсіздігі мен кәсіби тәуелсіздігіне мемлекет тарапынан кепілдік беріледі. Судьяны қызметінен босату немесе жауапкершілікке тарту тек заңда көрсетілген нақты негіздермен ғана жүзеге асырылады. Мұндай конституциялық кепілдіктер сот билігінің тұрақтылығы мен беделін нығайтады.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциясы сот билігінің мазмұнын, қызмет ету тәртібін және судьялардың мәртебесін айқындай отырып, құқықтық мемлекет құрудың берік негізін қалайды. Сот жүйесінің тәуелсіздігі мен тиімділігі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың басты кепілі болып табылады.

Дина Құрманғазықызы

Қызылорда облысының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маманы – аға сот приставы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: