Дүйсенбі, 25 қараша, 13:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Криминалист мамандығын меңгеру екінің бірінің қолынан келе бермейді»

12.12.2021

1268 0

Тәуелсіздіктің төл құрдасы
Байсариев Адильхан Абзалханович:

Бірнеше күннен кейін еліміз Қазақстандағы мерекелердің сұлтаны – Тәуелсіздік күнін атап өтпек. Осыдан 30 жыл бұрын азаттықтың ақ таңы атқан еді. 1991 жылы дүние есігін ашқан сәбилер қазір аяқтарына нық тұрған азаматтар. Олар білімі мен отанына деген ыстық ықыласын ел игілігіне арнап Қызылорда қалалық Полиция басқармасында еңбек етуде. Солардың бірі Байсариев Адильхан Абзалханович. Ол Полиция басқармасының жедел криминалистикалық  бөлімінің  криминалисті, полиция аға лейтенанты. 
 Құқық қорғау қызметінде криминалистика саласынсыз қылмысты ашу мүмкін емес. Қылмысты кім жасады? Ол қашан, қай күні, тәуліктің қай мезгілінде болды? Осы және өзге де сұрақтардың барлығын анықтау криминалист мамандарының міндеті болып табылады.

Адильхан құқық қорғау саласында 2014 жылдан бері қызмет етіп келеді. Отбасында ағаларының жолын қуған ол қызмет саласында департамент, басқарма бастықтарының дипломдарымен, криминалистика саласының 100 жылдық мерейтойына орай мерекелік медальмен марапатталған.
-«Криминалист мамандығын меңгеру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Себебі маманды дайындау барысы да күрделі. Бала күнгі арманым – полиция қызметкері болу еді. Ең бастысы бүгінде құқық қорғау саласында ел тыныштығы жолында қызмет етіп келемін. Полиция қызметі – халық сенімінің айнасы. Сондықтан өзіме жүктелген абыройлы міндетті әрі қарай үлкен жауапкершілікпен атқаратын боламын»,- дейді Адильхан.
Оның жетістіктерге жетіп, осы арманының орындалуына бірден бір себепкер анасы Абишева Гульмира. Ол Адильхан мен інісі Азаматты қанаттыға қақтырмай, тұмсықтықтыға шоқтырмай осы дәрежеге жеткізді. Ол үшін Адильханда анасына армандарының орындалу жолында демеуші болғанына үлкен алғыс айтады. Жұбайы Наушабай Айгерім Шоқанқызы Қызылорда облыстық жедел-жәрдем стансасында фельдшер. Айгерім күйеуінің жұмысының күрделілігін түсініп, оған әрдайым қолдау білдіреді. Отбасының өз хоббиі бар, олар бірге табиғатқа шығып, балық аулап және спорттық ойындар ойнауды отбасылық үрдіске айналдырған. Себебі Адильханның хоббиі балық аулау, кітап оқу. Адильхан мен Айгерім балаларына үлгі көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттайды. Үлкен қызы Адилья, ұлы Ислам кенжесі Айзере балабақша тәрбиеленушілері.
Ұжымда Адильханды досқа адалдығы мен жауапкершілігі үшін құрметтейді. Ол өз жұмысын өте жақсы көреді және оған көмекке келгендерге қол ұшын беруге әрдайым әзір. Табандылығымен, ізденімпаздығымен әріптестерінің құрметіне бөленіп, мақтанышына айналған криминалист қызметтен тыс уақытын бос өткізбейді. Адильханның тағы бір айтар жетістігі ол түрлі спорттық жарыстардан жүлделі орын алып, марапат биігінен көрінуде. Тәуелсіздіктің төл құрдасының еңбегіне тек сәттілік тілеп, биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: