Сенбі, 21 желтоқсан, 18:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Күйеуін өлтіруге «киллер» жалдаған әйел: Қызылордадағы атышулы қылмыс ашылды

07.12.2020

1324 0

Қызылордада былтыр бұрынғы күйеуін өлтіру мақсатында «киллер» жалдаған әйелге қатысты қылмыстық оқиға жергілікті жұртшылықты дүр сілкіндірген еді. Бұл орайда қылмыстық іс ашуға тергеуші Нариман Әбіләкім үлкен еңбек сіңірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл оқиға өткен жылдың шілде айында болды. Әйел адам бұрынғы күйеуін өлтіру мақсатында Түркістан облысы тұрғынына тапсырыс береді. Ол адам бұрын сотты болған, бұрынғы күйеуінің цехында жұмыс істеген. Әйел оған қызметі үшін 20 мың АҚШ долларын беретінін айтады. Кәсіпкер күйеуі әйелімен ажырасқанмен отбасына қол ұшын созуды ұмытпайды.

Баспана, нан және тігін цехы құрылғысын сатып алып береді. Оған қоса автокран мен жеңіл автокөлігін әйелінің атына аударып берген. Отбасылық өмірінде ерлі-зайыптылар 4 бала өмірге алып келген. Түркістан облысының тұрғыны әйелдің қылмыстық пиғылын әшкерелеуді дұрыс көреді.

Осы мақсатта облыстық полиция департаментіне арызданған. Дереу сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Әйелден тапсырыс алған азамат арнайы кісі өлтіруші ретінде белгіленді. Алдын ала жасалған жоспар бойынша «киллер» жәбірленушіні «өлтіргені» жайлы оқиғаны дәлелдеу үшін имитация жасайды. Жәбірленуші өлтірген әрекетін көрсетеді. Жәбірленушінің үстіне қан жағып, пышақ пен оған тиесілі басқа да заттарын ұялы телефонға түсіреді. Бұл фотосуретті тапсырыс берген әйелге жіберген. Аталған істі тергеп-тексеру шарасын жүргізген Нариман Әбіләкім оны әділ жүргізуге барынша көңіл бөлді.

Осы орайда оқиғаның әрбір бөлігін назардан тыс қалдырған жоқ. Тапсырыс берген әйел қылмыстық пиғылы толығымен «орындалғанына» көзін жеткізеді. Содан кейін қалтасынан алған 10 мың теңгені «киллер» қызметін атқарған адамға жолақы ретінде береді. Ал бұрынғы күйеуінің атына тіркелген мүліктер балаларына мұра болып өткеннен кейін еңбекақысын беретінін айтады. Басты сот талқылауында бұрынғы күйеуі сотталушыға барынша жеңіл жаза беруін сұрады.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 1-бөлігі, 28-бабының 4-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 8)-тармағымен кінәлі деп танылды. Ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: