Дүйсенбі, 17 қараша, 18:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

Күйеуінің WhatsApp хабарламаларын оқымақ болған әйел алаяқтардың құрбаны болды

17.11.2025

49 0

Фото: pixabay.com

Қостанайда әйел күйеуінің WhatsApp-хабарламаларын оқимын деп алаяқтарға алданып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оқиға Instagram-дағы қарапайым жарнамалық хабарландырудан басталып, 40 мыңнан астам теңге жоғалтумен аяқталды. 

Қостанай облысының полицейлері мәлім еткендей, қала тұрғыны әлеуметтік желіде кез келген адамның жеке хабарламаларына қол жеткізуге мүмкіндік береміз деген жарнаманы көрген. Жарнама оған сенімді көрінген: аккаунт толық рәсімделген, жарияланым астында оң пікірлер болған.

Әйел күйеуінің әрекеттеріне күдік келтіріп, көрсетілген сілтемеге кірген. Содан кейін сілтеме арқылы Telegram-ға өткен. Онда «Полина» деген адам байланысқа шыққан. Ол сенімді түрде «деректер базасына қосылып, хабарламалардың скриншоттарын бере аламын» деп сендірген. Алдымен 26 мың теңге төлеу талап етілген», – делінген полиция хабарламасында.

Әйел ақшаны аударған. Бірақ жауап ретінде ішінде ешбір файлы жоқ бос сілтеме алған. «Полина» күйеуінің чатында фотосуреттер мен видеолар бар болғандықтан «деректер көлемі өте үлкен» деп тағы 20 мың теңге сұраған.

Зардап шеккен әйел сол ақшаны да аударған. Екінші төлемнен кейін «Полина» жай ғана жоғалып кеткен. Барлық чатты өшіріп, жауап беруді тоқтатқан. Сол кезде ғана әйел өзінің қарапайым, бірақ жақсы ұйымдастырылған алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген, – дейді құқық қорғаушылар.

ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, осы факті бойынша алаяқтық туралы қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басы мен мүмкін серіктестері анықталуда. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: