Жұма, 27 желтоқсан, 01:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Күйзеліске түскен жазаланушылармен қандай жұмыстар атқарылады?

20.08.2021

809 0

Өмірде аяғын шалыс басып, адалдықтың ақ жолынан адасып, қылмыс жасап заң бұзғандардың жазасының өтеуі бар. Ия, әртүрлі жағдайлармен бірі ашу үстінде, бірі қасақана, бірі білместікпен қылмыс жасап жатқандар, жазалау орындарына келгенде барып, есеңгіреп, өздерінің қолдарымен жасаған амалдарына күйінеді. Сондықтан да, қылмыстық іске тартылған сотталғандар күйзеліске көп түседі.

Міне, осындай жандардың бірі А есімді азаматша, бүгінде ЗК-169/1 мекемесінің тергеу қамауында. Бұл азаматша ҚР ҚК- нің 99- бабының 1- бөлігімен айыпталған. Егер сот үкімін шығарса, бірнеше жылдарды арқалап, сотталып кете барады. Қылшылдаған қырықтан енді асқан өмірінде, темір торға телміріп, тар қапас, ызғары суық жерде, жаны нәзік әйелге мүлдем жат ортада біраз жылдары өтпек. Осыған байланысты, жаны жай таппай жүрген жас әйелдің күйзелісте жүргендігін байқаған, мекеме психологы, бұл әйелді жіті қадағалауға алды. Нәтижесінде әртүрлі психодиогностикалық, психокорекциялық түзету жұмыстары мен тренингтер өтуде.

– А.есімді тергеудегі әйелді «босаңсу бөлмесіне» жиі алдыртып, психологиялық релаксация жасап отырамын. Мұндағы аура оған қатты ұнайды. Әсіресе, «Майнд машина» -дан соң көңілі көтеріліп, өзіне, өмірге деген сенімділігі артады. Бұл аппараттың мақсаты күйзелістен, үрейден арылтып, ашуланған кезде, шаршағанын басып, қорғаныс механизмі қызметін атқару болып табылады.Аппаратты миға арналған тренажер деп атауға болады. Құлаққапты құлағына кигенде құстың сайрағаны, мөлдір судың сыбдыры, шөптің сыңғыры естіледі. Ал, көзілдіріктегі кемпірқосақтағыдай түрлі түстер бейне бір ғажап әлемге жетелейді. Бұндай, табиғат үнімен әсем көрініске еліткен апараттағы жан дүниесі күйзелісте жүрген адамның санасы мазасыздықтан арылып, тынышталып, психоэмоционалдық жағдайды ретке келіп, дәрі-дәрмексіз, емделу шарасы іске асырылады. Сондай-ақ, айыпталушылар мен тергеудегілер және сотталғандарды мекемеге келіп түскеннен бастап, жеке қабылдаулар өткізіп, психологиялық кеңес беріп, олардың өмір сүруге деген құлшыныстарын оятып,жазасын өтеп шыққанға дейін қоғам қатарына қосу мақсатында тынбай жұмыс жасауды ең басты міндетім деп санаймын – дейді, мекеменің аға инспектор психологы әділет капитаны А.Мырзалы.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: