Жұма, 27 желтоқсан, 05:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Күмәнді жобалар жіті назарда

09.12.2022

558 0

Қаржылық пирамида белгісі бар күмәнді жобаларды анықтау және жолын кесу бағытындағы жұмысты белсендіру мақсатында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті облыстық Кәсіпкерлер палатасының алаңында ҚР Ұлттық банкі Қызылорда филиалының, екінші деңгейлі банктер өкілдерінің, сонымен қатар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қызылорда өңірлік басқармасының лауазымды тұлғаларының қатысуымен «дөңгелек стол» кездесуін өткізді.

Кездесуде заңды тұлғалармен жүргізілетін қолма қол ақша айналымына қатысты операциялар бойынша екінші деңгейлі банктердің жауапкершілігі және өзара іс-әрекет алгоритмі талқыланды.

  Сонымен қатар, қаржылық пирамида белгісі бар күмәнді жобалардың алдын алу мақсатында  қаржы нарығын реттеу және дамыту органымен жастар арасында қаржылық сауаттылықты  көтеру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізу келісілді.

– Шараның басты мақсаты – Қазақстан  Ұлттық банкі Қызылорда облыстық филиалының және облыс аумағында орналасқан 2-ші деңгейлі банктердің қатысуымен криминалды ақша қаражаттарын қолма-қол ақшаға айналдыру барысында туындайтын мәселелер бойынша, көлеңкелі қаржы айналымын төмендетуге бағытталуда. Себебі, криминалды қаражатты  қолма-қолға айналдыру экономикалық  залал келтірумен қатар, адал кәсіпкерлік субъектілерінің иммунитетін төмендетуімен де қауіпті. Олай дейтініміз, жымқырылған ақша қаражатының үлкен көлемі қаржыны қолма-қолға айналдырғаннан кейін Республикадан сыртқа шығарылатын тәжірибені ескерсек, бұл әрекетке тосқауыл қоюды, күн тәртібінен түсірмеуіміз керек, – деді облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел басқарма басшысының орынбасары Дәулет Күдебаев.

Айта кету керек, осы жылдың 11 айында департаментте экономика саласындағы 40 қылмыс тіркелген. Өндірісте жыл көлемінде болған 61 істің 42-і аяқталған.  Келтірілген залал мөлшері 2,3 млрд. теңге, оның өндірілгені 1 млрд. теңге.

 Қызылорда облыстық экономикалық

тергеп тексеру департаментінің баспасөзі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: