Әдетте, кежегені кері тартпай, шағымданып шала бүлінбегеннің ұтары көп. Бұған ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекеме бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары әділет лейтенанты Жасұлан Есенгелдінің еңбектің алғы шебінде жүргені дәлел.
Үш жыл бұрын бақылаушы болған ол қазір жауапты лауазыммен жолын жалғады. Тәулік бойы тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалап, тосыннан туындайтын жайтта тосылмай, дереу іске көшуде кейін тартқан емес.
– Қызметке 2022 жылдан бастап кірістім. Алғашқы жұмыс күндерінің қызық-шыжығы мен әсері әлі есімде. Уақыт өте келе шыңдала түстім. Әлде де тәжірибе жинақтап, тындырымды тірлік етуге тырысамын. Үмітті ақтаудағы үлкен жолдардан үркімей өтсем деймін. Елге еселі еңбек еткенім мен үшін мәртебе, – дейді ол.
Бұл – күрестің бозкілемінен келген батылдық болуы мүмкін. Себебі, Жасұлан Есенгелді бұған дейін еркін күреспен айналысып, жетістікке жеткен. Қызметтегі жолым да жарық болса деген тілегі бар.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!