ШГ ӘПБ Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесі Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастамасымен 2023 жылғы 8 қыркүйекте «Күз 2023» әскерге шақырушыларды салтанатты шығарып салу іс шарасына қатысты.
Іс шараға қонақ ретінде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының оқушылары, «Жас Ұлан» балалар клубы, ҚР ҚК Қызылорда қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы және Облыстық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі шақырылды.
Шара барысындағы қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету және әскерге шақырушыларға патриоттық рух беру мақсатында майор Бактияр Дауренкулов сөз сөйледі. Сөз барысында, ел қорғауда әскери тәртіпке бағынып, Отанға адал қызмет атқару, қалтқысыз қызмет ету, оның мүдеделері мен қауіпсіздігін қорғау нағыз ердің ісі екендігі түсіндіріліп жас сарбаздарға сәттілік тіледі.
ШГ ӘПБ Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі
әскери полиция бөлімшесінің бастығы майор
Бақтияр Нұрмаханұлы Дәуренқұлов
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!