Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мәскеу соты екі қазақстандықты 13 жылға соттады

02.07.2024

459 0

Сурет: stan.kz

Мәскеу қалалық соты Қазақстан азаматтары Александр Абрам мен Эдуард Бурдиловты алдын ала сөз байласу арқылы теміржолға диверсия жасағаны үшін 13 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстан азаматтары Александр Абрам мен Эдуард Бурдилов 2023 жылы 22 маусымда ұсталған еді. Оларға Ресей темір жолында диверсия (өндірістік нысандарды жарамсыз ету, жұмыс күші мен құрал-жабдықтарына зиян келтіру) жасады деген айып тағылды.

Мәскеу соты сотталушыдан «Ресей темір жолы» компаниясының пайдасына 387 мың рубль (шамамен 2 100 000 теңге) шығын өндіру туралы шешім қабылдады. Прокурор оларға 13 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Ақыры сот осы мерзімге тағайындады.

Абрам төрт жылын түрмеде, ал қалған тоғызын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Бурдилов 13 жылының бесеуін түрмеде, сегіз жылын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

«Ресей темір жолы» АҚ азаматтық талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: