Сәрсенбі, 05 қараша, 12:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Мас күйде ұсталған судья туралы жаңа деректер шықты

05.11.2025

60 0

Фото: Астана қаласының соттары

Астанада азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева мас күйде көлік жүргізіп ұсталды. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ІІМ мәліметінше, оқиға 3 қараша күні түнгі сағат 04:00 шамасында «Хан Шатыр» сауда орталығы маңында болған. Mazda-6 автокөлігін басқарған әйелдің кейін Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева екені анықталды.

Полиция қызметкерлері жүргізушінің мас күйде болғанын және жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенін анықтаған.

Аталған дерек бойынша материалдар Бас прокуратураға жолданды. Кейін олар заңда белгіленген тәртіппен судьяны жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін Жоғары сот кеңесіне беріледі, – деп хабарлады ІІМ-нің баспасөз қызметінен.

Қазір бұл жағдай қоғамда кең талқыланып жатыр. Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар «судьяның этикасына сай емес әрекет» деп сын айтып, әділ шешім қабылдануын талап етуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: