Сенбі, 28 желтоқсан, 18:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мас күйдегі жүргізуші 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

26.08.2021

670 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының «Құқық тәртібі» жедел – профилактикалық іс – шарасының аясында Қорқыт ата көшесі бойында «Mercedes Bens» автокөлігін тоқтатқан полиция қызметкерлері мас жүргізушіге тап болды.

Құжаттарын тексеру барысында 49 жастағы қала тұрғынынан психикалық белсенді зат пайдалану және алкогольді спирт ішімдігінің иісі шығып тұрғанын байқаған. Облыстық наркология орталығында медициналық куәландырудан өткізу барысында жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде екендігі анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608- бабының 1-бөлігіне сәйкес (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді) әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соттың шешімімен масаң күйде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: