Жол-көлік оқиғасын азайту және жол қозғалысы ережелері мен заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері күн сайын рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізуде.
Кезекті рейд кезінде қала көшелерін аралау уақытында полиция батальоны қызметкерлері 07 шілде күні 07:30 уақыт шамасында «Газель» маркалы жүк көлігін тоқтатты.
Жүргізуші жол ережелерін бұзып, Мұратбаев көшесімен жол қозғалысы қатысушыларының өміріне қауіп төндірген. Полиция автокөлікті тоқтату барысында, жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды.
Құқық бұзушының өткен наркологиялық сараптама нәтижесі бойынша жеңіл мас болу дәрежесінде болғаны анықталды.
Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы) , 595-бабының 1-бөлігі (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және 593 –бабының 2-бөлігі (қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
Жол-көлік оқиғасының алдын алу және болдырмау шараларын күшейту мақсатында полиция қызметкерлері қала тұрғындарын жолдардағы ерекше жауапкершілік туралы ескертеді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!