Сәрсенбі, 27 қараша, 04:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Мас жүргізуші ұсталды

22.07.2021

904 0

2021 жылдың 18 шілде күні  сағат 07:30 шамасында  Қызылорда қаласының  көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзғаны үшін автокөлік  тоқтатылды. Автокөлікті басқарған 31 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бұл азамат 12  шілде  2019  жылы 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді. 

         Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау  абақтысына  қамауға алынды.

     Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: