Дүйсенбі, 25 қараша, 05:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Мас жүргізуші ұсталды

02.01.2022

620 0

Қызылорда қаласының тұрғыны 21сәуір 2021 жылы 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылса да, мас күйінде көлік тізгініне қайта отырған.

Рейдтік жұмыстар барысында қаланың орталық көшелерінің бірінде жол жүрісі қағидаларын бұзған жеңіл автокөлігі тоқтатылды. Құжаттарын тексеру барысындамас жүргізуші бұрын сот шешімімен куәлігінен айырылғаны анықталды. 41 жастағы жүргізушінің тағыда мас күйінде автокөлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік айып алаңына қойылды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: