Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 22:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Көлікті ішіп алып айдады

19.04.2021

1413 0

   18 сәуір  Қазалы ауданы көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзғаны үшін жеңіл автокөлік тоқтатылды. Автокөлікті басқарған аудан   тұрғыны мас күйінде болып шықты. Анықталғаны, бұл азамат сот шешімімен  04  қараша 2019 жылы 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді. 

         Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Жүргізуші ауданның полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына  қамалды.

        Бұл орайда, жол – көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау  мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері  облыс тұрғындарының жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді ескертеді.

     Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: