Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 09:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мас жүргізушінің кесірінен жол көлік оқиғасы орын алды

13.10.2022

598 0

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел «102» арасына Алтынсарин мен Жеңіс көшелерінің қилысында «Opel Astra»және «Mazda» автокөлігі соқтығысып жол көлік оқиғасын жасалғандығы жөнінде хабарлама тіркелген болатын.

Аталған хабарлама аясында басқарманың жедел тергеу тобы оқиға орнына
барған сәтте, «Opel Astra» автокөлігі оқиға орнынан бой тасалап кеткендігі
белгілі болды. Жедел басқару орталығына және патрульдік полиция
қызметкерлеріне бағыт – бағдар беріліп, Әбілқайыр хан көшесінің бойында
тоқталып, 31 жастағы автокөліктің жүргізушісі алкогольді масаң күйде
басқарғаны және оның сот шешімімен 2020 жылдың қаңтар айында жүргізу
құқығынан 7 жылға айырылғандығы белгілі болды.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні наркологиялық диспансерге
жеткізіп, сараптама қорытындысымен ол масаң күйінде болғандығы
анықталды.

Аталған дерек бойыншща Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 346 – бабының 2 бөлігімен (Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген,
абайсызда көлік Аталған дерек бойыншща Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің 346 – бабының 2 бөлігімен құралдарын, жүктерді, жол
құрылысжайларын және өзге де құрылысжайларды не өзге мүлікті бүлдіруге, сол сияқты
адамның денсаулығына жеңіл зиян келтiруге алып келген әрекеттер – белгiлi бiр
лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра
отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға
жазаланады)сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік
айыппұл алаңында. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: