Құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Универсам» ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерінің маңайында орын алып жатқан құқық бұзушылықтардың алдын алу, маскүнемдердің көптеп жүруі мен тәртіпсіздігін жою мақсатында рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды.
Рейдтік аралау жұмыстарына патрульдік полицейлер мен №10 учаскелік пунктінің қызметкерлері жұмылдырылды.«Универсам» әкімшілік ауданында 62 көпқабаттты үйлер, 910 жеке үйлерде 28 665 халық тұрады.
Жалпы, жыл басынан профилактикалық есепте- 20 адам, маскүнемдікке салынған – 68, нашақорлыққа- 19, психо-неврологиялық есебінде – 6 азамат тіркелген. Учаскелік пункте 5 учаскелік инспектор жұмыс атқарады. Тұрғындардың мекен-жайларын аралау кезінде осы әкімшілік аймаққа жауапты учаскелік полиция инспекторларының аты-жөндері, қызметтік және ұялы байланыс телефондары көрсетілген визиткалар тұрғындарға таратылды.
Тұрғын үйлердің аулаларында қаңғыбастыққа салынған мас күйінде 5 азамат анықталып, бейімдеу орталығына орналастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері осындай рейдтік шараларды күнделікті ұйымдастырып,маскүнемдікке салынған адамдармен әңгімелесу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отырады.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!