Жұма, 03 сәуiр, 15:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23 (2235)
31.03.2026
PDF мұрағаты

Маусымдық талап – қызметтік мәдениет өлшемі

01.04.2026

19 0

Фото: ҚАЖ департаменті

Тәлімнің таралғысы түптеп келгенде тәртіппен ұштасатыны ұғынықты. Әсіресе, ел алдында еңбек етіп жүрген жандардың мінез-құлық мәнерінен бөлек, киім-киісі мен жүріс-тұрысы да қоғам назарында. Бұған мән беретін ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері маусымдық талапқа сәйкес жазғы киім үлгісіне көшті.

Яғни, мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мирамбек Ұзақұлы Тұрымбетовтың қатысуымен саптық тексеріс өтіп, қызметкерлердің жазғы киім үлгісіне толыққанды көшуі мен жеке құрамның қызметтік куәліктері тексерілді.

– Әр қызметкердің жинақылығы мен ұқыптылығы мекеменің ішкі мәдениетін көрсетеді. Сондықтан маусымдық киім үлгісіне көшу – тәртіп пен ұйымшылдықты сақтаудың заңды жалғасы. Жазғы кезеңде де қызметтің қарқыны бәсеңдемейді. Керісінше, кәсібилікке қойылатын талап күшейе түседі. Осы ретте сыртқы келбеттен бастап, қызметтік міндеттерді орындауға дейінгі әрбір қадам жауапкершілікпен атқарылуы тиіс. Жеке құрам белгіленген стандарттарды сақтай отырып, алдағы уақытта да жүктелген міндеттерді сапалы орындауға әзір, – дейді мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Тұрымбетов.

-Иә, тәртіпке бас игенде ғана кесір иектемей, қызметте абыройлы болудың мүмкіндігі мол.

З.Қонысжан

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: