Сенбі, 23 қараша, 00:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Медиация – отбасылық даудың ұтымды шешімі

24.05.2021

590 0

Алайда соңғы жылдары отбасылық құндылықтар әлсіреп, ұлттық болмысымыздан ажырап бара жатқанымыз кімді болса  да алаңдатады. Ажырасудың көбеюі қоғамдағы жетім, тастанды балалардың санын арттыруда.Мемлекеттің   қамқорлығындағы толық емес отбасылардың пайда болуына   да сәтсіз некелер санының артуы  негізгі себеп. Міне, сондықтан  да , Жоғарғы Соттың бастамасымен «Отбасылық сот» пилоттық жобасы қолға   алынып, жанұя  жарасымын  сақтауда, жақындар арасындағы сыйластықты қорғауда отбасылық медиацияны қолдануға барынша басымдық беріліп келеді . 

Жалпы, қазіргі кезде қылмыстық, азаматтық,  әкімшілік істердің барлығында медиация жиі қолданылады, тараптар да  бітіммен дамуды бітіруге ынталы болып жүр.Бұл қуантарлық жағдай.  Ал,  енді кәмелетке толмағандардың қатысуымен  қаралатын істерде медиацияны қолдану өте маңызды.  Мұның себептері көп.

Медиация сот  отырыстарын айырбастай алмайды. Ол заңдық тетіктерді толықтырып,  отбасы мүшелерін бір ымыраға келтіру үшін керек. Даудың сотта шешілуі сыйластыққа сызат түсіреді, үлкен мен кішінің арасындағы баайланысты әлсіретеді,туыстардың бір – біріне деген қадірін кетіреді. Өйкені, сот  барысында  өззінікін дұрыс дейтін тараптардың бет  жыртысып, бір – біріне ауыр сөз айтатынын жиі көреміз «Жақын  тұрған көршіңе ауыр тиер сөз айтпа» деп ұл қызын тәрбиелейтін қазақ үшін жақынының журегіні тиетін сөз айтудан ауыр нәрсе жоқ.  Ал,  осы дау сотқа дейін, болмаса  судья шешім шығарғанға      дейін реттеліп, медиация арқылы шешілетін болса, тараптардың ұтары көп . Уақыт пен істің бітімгершілікпен  аяқталуы отбасындағы татулықты нығайтуға,  текетіресті азайтуға, туыстық байланысты жақсартуға ықпалын тигізеді.

Медиацияның тағы бір артықшылығы –  құпиялылығында.  Дауды шешу барысында тараптар  арасындағы келіспеушілікті тек медиатор біледі.  Екеуара Құпияның   жария болмауына медиатор кепілдік  береді. Бұл  әрі қазақы  құқықтық ұстаныммен  де үндес. Өйткені, байырғы  бабаларымыз «Бас жарылса бөрік ішінде ,  қол сынса, жең ішінде» деп әулеттік ішіндегі дауды сыртқа шығармауға, олқылықты үйден тысқары жария етпеуге тырысқан.  Отбасылық  түйткілдерді ғана емес, ауыл арасындағы дау – дамайларды да мүмкіндігінше  өз араларында бейбіт бітіруге күш салған қазақы түсінік бізге де  қымбат. Сондықтан, кәмелетке толмағандарға қатысты іс қаралғанда медиацияның мүмкіндігін,  артықшылығын, пайдасын айтып, тараптарға жол көрсету –  біздің парызымыз.

Қ.Бержанов,

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: