Жұма, 10 сәуiр, 12:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№25 (2237)
07.04.2026
PDF мұрағаты

Мекеме қызметкерлері адам жанына араша болды

10.04.2026

60 0

Фото: №68 мекемесі

Ізгілердің ірі ісі – іргеден ін қазуымен емес, жақсылық жасап, ілгері басуымен өлшенеді. Кәсіби міндеті мен адамгершілігіне ақау түсірмеуге тырысатын ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері әдепкі әдетінен жаңылмады.

Тәртіптің алғашқы шебі мекеменің кіріп-шығуды бақылау пункті (КПП) десек қателеспейміз. Түрлі эмоция мен мінез тоғысатын, сабыр сыналатын алаң да сол. Ал ондағы қызметкерлер тікесінен тік тұрып, қауіпсіздікке ғана емес, келушілердің көңіл күйі мен жайлылығына да қарайлайды.

Бүгін үш бірдей қызметкердің сенім үдесінен шыққаны соған айғақ. Олар кенеттен қан қысымы көтеріліп, құлап қалуға шақ қалған адвокатқа алғашқы көмек көрсетті. Яғни, мекеменің Режим және күзет бөлімінің ақпарат және байланыс тобының бақылаушысы әділет сержанты Ақниет Қалмұратов дереу жедел жәрдемге хабарласса, әділет кіші сержанты Мақпал Қуатова мен әділет қатарындағы Саят Рысбай ауа жетпей қиналған адвокаттың дұрыс тыныс алуын қадағалап, су да ұсынған. Осылайша, қызметкерлердің дер кезінде демеу болғаны денсаулығын біршама жақсартты.

Адвокаттың хаттағы жазбасына сүйенсек, бұдан бұрын микроинсульт алған екен.

– “Қызметкерлер қол ұшын созбағанда, кезекті микроинсульт алар едім. Мекемеде осындай адал, білікті, адамгершілігі мол қызметкер көп болсын. Ризашылығымды білдіремін. Үшеуі де нағыз мейірімді, жүректері таза, өнегелі тәрбие алғандары көрініп тұр, – деп атап көрсетті адвокат жазған алғыс хатында.

Ақжарма тілек пен алғыс арқалаған қызметкерлердің еңбегі жана берсін дейміз!

З.Қонысжан,

№68 мекемесінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: