Ұлыстың Ұлы мерекесі – Наурыз мейрамы Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен 37 мекемесінде аталып өтті.
Шараны Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев ашып, қызығынан қиындығы көп қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін Ұлыстың ұлы мерекесімен құттықтап, бүкіл Шығыс халықтарына ортақ мерекенің шығу тарихы мен мән-жайына кеңінен тоқталды. Мұнан соң Наурыз мерекесіне арнайы ақ тілектерін айтып, бата берілді.Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері дәріптеліп, қызметкерлер арасында арқан тартыс тәрізді спорттық ойындар ойнатылды. Тоқшылықтың басы, береке бастауы – жеті түрлі дәмнен жасалған Наурыз көже таратылып, мерекелік шашу шашылды.
Мерекелік шара соңында «Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын ұстанған ҚАЖ департаментінің басшылығы, қызметкерлер мекеме аумағына ағаш көшеттерін отырғызды.
![Мекеме қызметкерлері наурыз мерекесін тойлады](https://aqmeshit-aptalygy.kz/wp-content/uploads/2023/03/img-20230322-wa0026.jpg)
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!