Сейсенбі, 17 маусым, 21:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

Мекеме қызметкерлерінің жеке автокөліктеріне тексеру жүргізілді

17.06.2025

55 0

Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінде өзіндік қауіпсіздік тобы мен жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің бірлесуімен қызметкерлердің жеке автокөліктеріне кешенді тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру іс-шарасына ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі, әділет подполковнигі С. Жоламанов және жол-патрульдік полиция қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында қызметкерлердің жеке автокөліктерінің техникалық жай-күйі, әсіресе жарық шамдарының жұмыс істеу жағдайы, тежегіш жүйесінің дұрыс болуы және жалпы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жабдықтарының жарамдылығы мұқият тексерілді.

Сонымен қатар медициналық алғашқы көмек қобдишаларының жарамдылық мерзімі,көлік сақтандыру полисінің заңды күші, жееке жүргізуші куәлігі мен көлік құжаттарының толықтығы
сияқты маңызды талаптар да назардан тыс қалмады.

Тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, қызметкерлерге ескерту жасалды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауы мен заң талаптарын орындауын қамтамасыз ету.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: