Таным көкжиекті кеңейтудің таптырмас құралы – кітап. Оқырманға берері көп болғандықтан, сарқылмайтын қазынаға балайтынымыз содан. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің кітапхана сөресі толықты. Шиелі ауданының Талғат есімді тұрғыны 105 кітапты сыйға тартты.
Мұқабасынан-ақ мазмұнды кітаптар екені көрініп тұр. Белгілі қаламгерлердің шығармашылығы мен өрелі өлеңнің жинағы көп. Тіпті сыйға берілген кітаптар арасында шетел жазушыларының да еңбегі бар.
– Кітапханадағы жалпы кітап саны – 4895. Сөренің тағы тың туындылармен толығуы көңілге қуаныш ұялатты. Әсіресе, басым бөлігі сұраныстағы кітаптар екен. Жазасын өтеушілер енді таңдауына қарай, қажетті кітабын алып оқи алады. Сайып келгенде, бұл – олардың дұрыс пен бұрысты ой елегінен өткізіп, оң өзгеріске бастап, қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етері сөзсіз, – дейді мекеменің кітапханашы маманы Асылбек Бурханов.
Мұндай рухани қолдаудың маңызы зор. Алдағы уақытта да кітап қорын толықтыру жұмысы жандана бермек.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!