Сейсенбі, 06 қаңтар, 20:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

Мемлекеттік құпияны жария еткен түзеу мекемесінің бастығына сот үкімі шықты

05.01.2026

83 0

Фото: Жоғарғы сот

Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, мемлекеттік құпия мәліметтерді жария еткен Павлодардағы №45 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты үкім шықты, деп жазады Egemen.kz.

Айыпталушы белгілі бір сыйақы үшін кейбір сотталғандарға жазасын өтеу кезінде қолайлы жағдай жасаған. 

Сондай-ақ мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурордың белсенді ұстанымының арқасында лауазымдық міндетін атқару кезінде қызметтік ақпаратты жария еткені де мәлім болды.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот түзету мекемесінің бұрынғы басшысын мемлекеттік қызметте лауазымды міндеттерді атқару құқығынан өмір бойына шектеп, подполковник арнаулы атағынан да айырды.

Сот 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: