Ел дамуының басты қозғаушы күші – әділ әрі сапалы мемлекеттік басқару секторы. Ал осы жүйенің негізі – өз ісіне адал, білікті мемлекеттік қызметшілер. Жауапкершілік жүгін арқалаған бұл мамандардың құқығы қалай қорғалады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінде мемлекеттік қызмет саласындағы бақылауды жүзеге асыру функциясы енгізілген.
Бұл ретте, азаматтармен бірге мемлекеттік қызметшілердің де құқықтарын қорғау, ал бұзылған жағдайда қалпына келтіру жұмыстары Департаментпен жүзеге асырылып келеді.
Әрине, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда мемлекеттік қызметшілердің меритократия қағидаттары негізінде өз еңбегіне сай мансаптық өсу мүмкіндігімен қатар олардың моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады.
Дегенмен, мемлекеттік қызметшілердің қызметі Әдеп кодексінде белгіленген талаптар аясында жүзеге асыру қажеттілігіне қарамастан, соңғы кезде мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын бұзу деректері әлі де орын алуда.
Мысалы, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялардың жұмысына жүргізілген талдау нәтижесімен 2025 жылдың 9 айында488 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылған. Оның ішінде, жергілікті атқарушы органдарда 386, орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінде 102 мемлекеттік қызметші тәртіптік жаупкершілікке тартылған.
Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың қатарында қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін 7, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін 7 қызметші бар.
Аумақтық департаментпен 2025 жылдың 9 айында24 тексеру жүргізілді, оның ішінде 7 жоспарлы және 17 жоспардан тыс, нәтижесінде419 заң бұзушылықтар анықталды.
Бұзушылықтарды жою туралы 11 ұсынулар енгізіліп, 27 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Мысалы, аз. А.Т-ның жолданымы негізінде Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратына жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру нәтижесімен, Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманына негізсіз тәртіптік жаза қолданылғандығы анықталды.
Департаментпен енгізілген ұсынудың нәтижесімен Ақсуат ауылдық округі әкімінің 09.07.2025 жылғы өкімнің күші жойылды.
Сонымен қатар, жоспарлы тексеру нәтижелерімен 17 мемлекеттік қызметшілерге іссапарлар кезіндегі кепілдіктері мен өтемақы шығыстары өтелмегендігі анықталды.
Департаментпен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынулар енгізіліп, нәтижесімен 17 мемлекеттік қызметшілерге іссапар шығындары төленді.
Сондай-ақ, Шиелі ауданы әкімі аппаратына жүргізілген жоспарлы тексерумен Талаптан ауылдық округі әкімінің м.а. және Ортақшыл ауылдық округінің бас маманынатәртіптік жаза қолдану барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану» Қағидаларының талаптары сақталмағандығы анықталды.
Департаментпен енгізілген ұсынудың нәтижесімен тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтардың күші жойылып, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Бұдан бөлек, Департаментпен мемлекеттік органдардың тәртіптік тәжірибесіне тоқсан сайын талдау жұмыстары жүргізіліп келеді. 2025 жылдың 9 айында талдаудың нәтижесімен 17 мемлекеттік қызметшіге қатысты заңсыз қабылданған бұйрықтардың күші жойылып, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Жұмыс уақыты режимінің бұзылуының алдын алуға және оған жол бермеу мақсатында 83 мониторинг жүргізіліп, 264 үстеме жұмыс жасау дерегі анықталды. Департаменттің хаты негізінде 264 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, оларға 437 демалыс сағаттары берілді.
Сондай-ақ, Департаментпен 2025 жылдың сәуір-мамыр айларында 2024 жылдың қорытындысымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне сыйақы беруде заңдылықтардың сақталуына талдау жүргізілді.
Талдау нәтижесімен 6 мемлекеттік қызметшіге негізсіз сыйақы берілмегендігі анықталып, олардың құқықтарының бұзылуына жол берілгендігі анықталды.
Аталған мәселе, Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, қабылданған шешім негізінде 6 мемлекеттік қызметшіге сыйақы төленді.
Департамент алдағы уақытта да өз міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалардың сақталуын бақылаумен қатар азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің де құқықтарының бұзылмауын қадағалайтын болады.
Е.Ж.Мендалиев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!