Сәрсенбі, 27 қараша, 20:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызметшілер түзеу мекемелерінде болды

02.10.2023

476 0

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шаралар тұрақты жүргізіледі. Бүгін Департамент пен қалалық басқармасының мемлекеттік қызметкерлерін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты түзету мекемесіндегі жағдайларымен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Басты мақсат – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің бақылау-қадағалау қызметін атқаратын қызметкерлерін ұстау орындарындағы режиммен таныстырды. Түзеу мекемелеріне бару тәжірибесі түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Талғат Сердалиев

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: