Бейсенбі, 23 қазан, 19:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің тірегі

23.10.2025

48 0

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Қай халықтың болсын рухани болмысы мен ұлттық ерекшелігі ең алдымен тілінен көрініс табады. Тіл – ұлттың жаны, рухани өзегі, өткені мен бүгіні арасындағы алтын көпір.Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі – мемлекеттік тіл деп бекітілуі – ел тәуелсіздігінің айқын белгісі және ұлттық болмысымызды сақтаудың басты кепілі.


Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – бұл тек тіл мамандарының немесе білім саласының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әсіресе сот жүйесі мен құқық қорғау саласында мемлекеттік тілдің орны ерекше. Сот ісін жүргізудің мемлекеттік тілде жүзеге асырылуы – азаматтардың құқықтары мен заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етудің негізгі кепілі.Себебі тіл – әділдіктің, сенімнің және халыққа жақын болудың маңызды тетігі.
Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік тілді дамыту бағытында көптеген шаралар атқарылуда. Мемлекеттік қызметкерлердің, сот қызметкерлерінің, жастардың қазақ тілін еркін меңгеруі – тілге деген құрметтің және елге деген сүйіспеншіліктің көрінісі.Тілді білу – тек сөйлей алу емес, онымен ойлау, сезіну, шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру. Ал бұл – нағыз рухани тәуелсіздіктің бастауы.
Қазақ тілі – ғасырлар бойы ұлттың тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін сақтап келген ұлы қазына. Оны дәріптеу, қолдану аясын кеңейту – әр азаматтың борышы.
Мемлекеттік тілде сөйлеу – өз ұлтыңа, өз еліңе деген құрмет, азаматтық жауапкершілік пен рухани биіктік белгісі.
Біздің мақсат – мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделін арттырып қана қоймай, оны шын мәніндегі бірлік пен келісімнің тіліне айналдыру.Сонда ғана Қазақстан халқының ортақ болашағы – тұрақты, әділ және рухани кемел ел бола алады.

А. Бодыкова Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: