Бейсенбі, 28 қараша, 17:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу»

28.11.2024

53 0

Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» заңының 4-бабында «Мемлекеттік тіл ‑ мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі» делінген. 

Қазіргі таңда сот өндірісіндегі құжат айналым бойынша шығыс және ішкі құжаттар мемлекеттік тілде жүзеге асырылуда, оны 100%  жеткізіп, сапасын арттыру әрбір маманның міндеті.

Жалпы, мемлекеттік тілдің дамуына бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілер, яғни мына біздердің тигізер көмегіміз бен ықпалымыз зор.         

Яғни, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігіне қарап, ер жетіп келе жатқан жастар өз болашағына қатысты бағыт-бағдарын таңдайды. Сол себепті, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілде жетік сөйлеп, қызмет көрсетсе, қоғамда да мемлекеттік тілге деген құрмет пен қажеттілік арта бермек.

Тілді қорғау әрі дамыту ең алдымен өзімізден бастау алынып, мемлекеттік деңгейде іске асырылуы қажет.

Мемлекеттік тілдің қолдану деңгейін одан әрі жетілдіріп, оны сот саласында  дамытуға ерекше мән беріп, тіл тазалығына қамқорлық танытылу қажет.       

«Тілі жоқ халық ‑ балық» ‑ деп қазақтың дүлдүл ұлы Шерхан Мұртаза атамыз айтқандай, Тіл ‑ халық жаны хәм қазынасы. Ұлттың болмысы. Әпсанаға үңілсек дамыған қоғамда сөйлейтін халық бар. Алайда Шераға өзінің ана тілі бола тұра, оны жоқ еткендер жайлы айтып тұр. Сондықтан ана тілдің тағдыры мемлекеттік тұрғыдан қорғалуы қажет.

Себебі тілдің мәртебесі ‑ елдің мерейі. Оны биікке көтеру, қолдану аясын кеңейту өзімізге байланысты.

Ана тіліміздің дамуы отбасынан бастау алады. Отан аясында дамиды.
Қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін барлық қазақстандықтар мен шет елдегі қандастарымыздың қазақ тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау қажет.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында, «Тіл туралы» Заңның 4-бабында: Қазақ тілі ‑ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі екендігі тайға таңба басқандай көрсетілген. Сондықтан қазақ тілі тек қана қазақтар үшін емес, Қазақстанда мекен ететін әрбір отандасымыз үшін міндетті.

Демек тіліміздің мәртебесі Ата Заңымызда айшықталса, Заңда көрсетілсі, одан қалды анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыса, қазақ тілінің елімізде жүз пайыз салтанат құруына өзіміз басты себепкер екенімізді ұмытпауымыз керек.

Басқа мемлекеттік органдармен қатар еліміздің сот жүйесі де мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізуде көбейту ‑ басты ұстаным ретінде қарастырады.

Тіл ‑ таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша тез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге, құрметтеу міндетті екенімізді ұмытпауымыз қажет.

Тәңірбергенұлы Ерболат

                                                                  Қызылорда қалалық сот әкімшісінің   жетекші маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: