Сейсенбі, 07 қазан, 19:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Меморандум – ынтымақтастықтың маңызды құжаты

07.10.2025

42 0

Меморандумның басты мақсаты – тараптар арасындағы ынтымақтастықтың бағыттарын айқындау, бірлескен іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асырудың негізін қалау. Бұл құжат өзара түсіністігін көрсетеді. Меморандумда бағыттар мен мақсаттар, екі жақтың тілектері мен ұсыныстары бір-біріне сәйкес келуі шарт. Бұндай жағдайда меморандумға қол қойылып ресми құжатқа айналады. Қазіргі уақытта меморандум іскерлік және мемлекеттік қатынастардың ажырамас бөлігіне айналып отыр.

Меморандум – ынтымақтастықтың маңызды құжаты
Меморандум – ынтымақтастықтың маңызды құжаты

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жұйесі департаменті мен ҚР Ұлттық ұланы №5547 әскери бөлімінің арасында меморандумға қол қойылды. Келісім қағазында екі жақты спорт кешенін пайдалану жөнініде шарт жасалған. ҚАЖ департаментінің басшысы, әділет полковнигі Ш.Есенкелдиев пен №5547 Әскери бөлімінің командирі, подполковник Ж.Беркеновтің қол қоюымен құжат күшіне енді. Салтанатты шара барысында Ш.Есенкелдиев сөз алды, құжаттың маңызы мен мақсаттарын жіктеді.

Меморандум – ынтымақтастықтың маңызды құжаты
Меморандум – ынтымақтастықтың маңызды құжаты

Спорт – денсаулық кепілі. Сәйкесінше мекемелер арасындағы мұндай келісім қызметкерлердің дене шымырлығына, дайындығына кепілдік береді. Шара соңы спорт кешінің аумағы толық аралап, танысумен жалғасты.

Рәпіш ТӨЛЕП ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: