Мереке күндері көпшілік отбасымен бас қосса, Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қызу жұмыстың бел ортасында жүреді. Сондықтан болар, басшылық құрам қолдау білдіруде кері тартпады. Яғни, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Зиябеков Жәнібек Мелдебекұлы және департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Бекжанов Мейрам Гарипулаұлы №68 мекемесіне табан тіреп, күшейтілген режимде кезекшілікке түсетін қызметкерлерді Жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Сонымен қатар, басшы құрам мереке кезіндегі міндеттердің салмағын айтып, адалдық пен қырағылықты сақтаудың маңызын тілге тиек етті.
Мұндай ықылас ұжым арасындағы ынтымақты арттырып, қызметтің парқын түсінуге ықпал еткені анық.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!