Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты электронды темекі мен вейптерді заңсыз сатқан жергілікті тұрғынға үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сот мәліметінше, 2025 жылдың қаңтарында әйел өзінің іс-әрекетінің заңсыз екенін біле тұра, WhatsApp мессенджері арқылы сатып алушылардан тапсырыс қабылдап, электронды құрылғыларды сатқан.
Тінту барысында оның үйінен нарықтық құны 7 миллион теңгеден асатын 575 дана вейп тәркіленген.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді және жеңіл жаза қолдануды сұрады. Осыны, сондай-ақ оның жас балаларының барын ескерген сот әйелге 393 200 теңге көлемінде айыппұл тағайындады.
Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Үкім заңды күшіне енді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!